Түс – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1217
Түсімде ылғи құс болып ұшып жүрем,
Көз жеткісіз көк төсін құшып жүрем.
Шалқарларда шалқыған шағала боп,
Бірде түпсіз тереңге түсіп жүрем.
Түсінікті, әрине,
Түс дегенім –
Өз қолыммен өмірде істегенім.
Ал, өңімде қызыға қарап қалам
Іздеріне зымыран құс-кеменің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері