Түсін, жаным – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түсін, жаным» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2572
Мен неден бұл өмірде тосыламын?
Кеудемде егіз туған қос ұланым.
Солардың бал үніне қосыламын,
Болды тек ортаймаса осы бағым.
Мен кімнен шаттығымды жасырамын?
Шуақ боп, шұғыла боп шашыламын.
Болашақ ұрпақтарды асырадым,
Солардың әуендері – асыл әнім.
Қызым деп, қыр төсінен гүл жинадым,
Ұлым деп, жыр көшінен жыр жинадым.
Кешеулеп шыққанымен бір жинағым,
Ол үшін өкінбедім, қынжылмадым.
Қатардан қап қойдым деп қысылмадым,
Сонда да бақыттымын,
Түсін, жаным.
Алымды ұлдарымды ұшырғаным –
Жалынды жырларымды ұсынғаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсін, жаным өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түсін, жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсін, жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсін, жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері