Қадалып сасық тұмау – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қадалып сасық тұмау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2479
Қадалып сасық тұмау,
Қуатым қашып тұр-ау.
Бұралған бәйшешекті
Көктемге асықтым-ау.
Тер буып жөтелемін,
Таппадым төтен емін.
Төсектен ауық-ауық
Басымды көтеремін.
Жоқ ешбір зауық деген,
Құлаймын ауып денем.
Тек қана жалғыздықтан
Жалығам, қауіптенем.
Саулықта не жетпейді?
Ешнәрсе елетпейді.
Сәл ғана сырқау болсаң,
Дүние бөлектейді.
Шықса бір шуақты күн,
Шалқымай шыдапты кім?
Көппенен күліп-ойнап,
Кететін сияқтымын.
Қадалып сасық тұмау,
Еңсемді басып тұр-ау.
Көңілді көтеретін
Көктемге асықтым-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері