Шықпасам көп күн ұзаққа – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шықпасам көп күн ұзаққа» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1741
Шықпасам көп күн ұзаққа,
Пысады ішім, пысады.
Түсіріп бір кез тұзаққа,
Қысады ұйқы құшағы.
Далаға кетсем бір шығып,
Көтеріп көңіл пәрмені,
Тұрады жаным құлшынып,
Жасамақ болып әр нені.
Көркіне туған өңірдің
Қараудан әсте тоймаймын.
Көру мен жасау – өмірдің
Мәні деп сол кез ойлаймын.
Жарысқан жүйрік толқындай,
Қиялды қиял қуады.
Қимылдай берсе қол тынбай,
Ғажайып істер туады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері