Жаңа жауған қар іргесі тез іріп – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңа жауған қар іргесі тез іріп» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1456
Жаңа жауған қар іргесі тез іріп,
Былжырады табан асты езіліп.
Тап осындай ауа райы тұсында
Тұрады екен бір кемшілік сезіліп.
Қар жауған соң, қарға ұқсап жатпай ма?
Дүниені ақ көрпемен жаппай ма?
Табиғатқа таңғажайып өң беріп,
Айдын көлдер айна болып қатпай ма?
Әйнектерді әшкейлеп көп бейне,
Қолдарыңды аяз қарып өтпей ме?
Көктеменің қызғалдағы секілді
Қыз дидары алауланып кетпей ме?
Ал, мынау не?
Түсініксіз тұнжыр ғой,
Күн көзінен сәуле көрмей, қыжылды ой.
Болмысында не ол емес, бұл емес,
Кей адамдар тап осындай былжыр ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері