Зауал – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Зауал» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1385
Кейбіреудің көргенде арамдығын,
Арашаға түседі адамдығым:
«Тақсіретін тартады түбінде бір,
Жасағанмен қиянат саған бүгін».
Ар алдында ақылға ерік берем,
Әділеттік жолымен еріп келем.
Алдау менен арбауды кәсіп еткен
Қаныпезер қуларды көріп келем.
Болса-дағы жазалы, шын кінәлі,
Жасап бағар сұмдығын, мүмкін, әлі.
Әр қылмыстың қайтатын зауалы бар,
Арамдардың ақиқат бір құлары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері