Мен ешкімнің тілемес ем азғанын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен ешкімнің тілемес ем азғанын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1519
Мен ешкімнің тілемес ем азғанын,
Қастандықпен біреуге ор қазғанын.
Тілер едім –
Кешіп өмір саздағын,
Шырқап көңіл назды әнін,
Жақсылықтың жалындат деп маздағын.
Мен ешкімнің тілемес ем өлгенін,
Қас дұшпаным болсын мейлі ол менің.
Тілер едім –
Тірлігінде тіресіп,
Күші жетсе күресіп,
Менің де бір құдіретімді көргенін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері