Өлең, жыр, ақындар

Отан туралы ода

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3166
Отаны бар, елі бар жан әманда,
Бақытты ғой мына байтақ ғаламда.
Отан деген оттан ыстық жалғыз сөз,
Жалын берген, маған-дағы, саған да.
Мейлі көктем, мейлі жазда, ақпанда,
Арайланып атқан алтын ақ таңда,
Не жетеді туған жердің төсінде
Алшаң басып жүріп бара жатқанға?
Тілсе-дағы табанымды тас батып,
Тілемес ем Отанымнан басқа түк.
Мен қиналсам қиналармын тек қана,
Туған елдің тағдыры үшін бас қатып.
Қан майданда кеуделерін кек қысқан,
Талай боздақ от құшқан да оққа ұшқан.
Жау алдында жалтақтаса кімде-кім,
Отан үшін одан өткен жоқ дұшпан.
Түріп небір түнектерді торлаған,
Ерен ерлер өз Отанын қорғаған.
Туған жерін тастап кетсе кімде-кім,
Одан өткен опасыз жан болмаған.
Қай шетінде осы планетаның
Тусам-дағы,
Болар еді Отаным.
Онда-дағы бақыт үшін күресіп,
Батыр ұлы атанар ем атаның.
Басқа жерде, басқа елде, бірақ та,
Бүгінгідей жетпес едім мұратқа.
Қазақстан дер едім мен зор үнмен,
Ол Отаның қайсы деген сұраққа.
Тап осындай Отаным бар – анам бар,
Мызғымайтын асқар алып панам бар.
Мені мынау жұмыр жердің үстінде
Ең бақытты азамат деп санаңдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі жігіт

  • 0
  • 0

Екі жігіт отырды бір жиында:
Бірі шағын, бірі алып денелі.
Болмаса сәл өнері,
Адамға сол қиын да.

Толық

Айлы түнде

  • 0
  • 0

Ауыл-аймақ тәтті ұйқыға батса да,
Әнге қосып талдар сыбдыр қақса да,
Қыз бен жігіт қол ұстасып әлі жүр,
Айлы түннің аясында бақшада.

Толық

Тышқандардың тілегі

  • 0
  • 0

Біз Тышқанбыз, Тышқанбыз,
Дән тереміз тыстан біз.
Жол бойынан ін қазып,
Жинап жүрміз күнде азық.

Толық

Қарап көріңіз