Дала жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Дала жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1751
Дөңгеленген дала бұл –
Қырында өскен лала гүл.
Жауқазынын жыр етіп,
Омыруға таға біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Бесіктегі бала бір.
Тәтті әуенмен тербет те,
Тәрбиелеп баға біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Дариядай дана бір.
Ақылына арымас
Құлағыңды сала біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Ақ пейілді ана бір.
Сенен несін аясын,
Бар бергенін ала біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Астықты өлке, алабың.
Тыңдарына түлеген
Тамашалай қара бір.
Дөңгеленген дала бұл –
Жасыл жайлау танабың.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәнге толар шанағың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері