Жаңақорған – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңақорған» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3456
Қаратаудың бөктерінде
Қанат жайған көкке өріле,
Жадыратып көңілдерді,
Жалындатып өмірлерді,
Жарасымды қала болған,
Жаңақорған, Жаңақорған!
Ерте күннен аты мәлім,
Аңыз толы атырабың.
Қасиетті топырағың,
Сығанақ пен Отырарың –
Қалған белгі бабалардан,
Жаңақорған, Жаңақорған!
Ақ маржандай күріші бар,
Шалқып-тасқан ырысы бар,
Қойны толы кендері бар,
Мал қаптаған белдері бар,
Жайлауына жаңа қонған,
Жаңақорған, Жаңақорған!
Алдыңа кеп бас иетін,
Керемет-ау қасиетің:
Қара батпақ құйқасы нәр,
Көліңнің зор шипасы бар.
Дертті жанға пана болған,
Жаңақорған, Жаңақорған!
Қуат беріп кеселдіге,
Тік тұрғызған мешелді де.
Ауруларды айықтырып,
Қайғы-мұңын ғайып қылып,
Жүректерде жанады арман,
Жаңақорған, Жаңақорған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері