Жер сатылмайды – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жер сатылмайды» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1123
Алты күнде аспанды,
Жеті күнде жерді бұл
Жаратумен басталды
Бір Алланың кеңдігі –
Жер сатылмайды!
Меңгерсін деп жерді мол,
Алла бізге сыйлаған.
Содан бері енді сол
Жерге ие күллі адам –
Жер сатылмайды!
Қанын төгіп бабалар,
Жерді жаудан қорғаған.
Жерді пұлдап, бағалап,
Сату деген болмаған –
Жер сатылмайды!
Жер – жұмағың, бесігің,
Сонда мәңгі жатамыз.
Алла берген несібін –
Жерді қайтіп сатамыз? –
Жер сатылмайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері