Қарап тұр! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қарап тұр!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 791
Менiң елiме,
Менiң жерiме –
Бiреулер
Теңiздердiң ар жағынан
Байлығымды басып алғысы кеп,
Кемелерiмен тасып алғысы кеп –
Бәленi басыма! –
Төндiрiп қарап тұр.
Бiреулер
Ормандардың
Жасыл көрпесiнiң астынан –
Алтын сақаға көз тiккен
Мыстан кемпiрдей –
Телмiрiп қарап тұр.
Бiреулер
Даланың ар жағынан –
Сай-салаға бойын жасырып
Санама қарап тұр.
Бiреулер –
Дуалға асылып
Аулаға қараған ұрыдай –
Алатаудың – ар жағынан! – асылып
Далама қарап тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері