Байшыкеш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Байшыкеш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 847
Мына кiсi
Болған екен.
Толған екен.
Найқалып
Жүре алмай қалыпты.
Шайқалып
Күле алмай қалыпты.
Қарамайды.
Ештеңенi қаламайды.
Қалқиған неменiң
Бәлсiнген жүрiсiн-ай.
Шәлтиген неменiң
Тәштиген тұрысын-ай.
Күлге аунаған тауықтай –
Сiлкiнсе! –
Балағынан домалап
Бит түсiп тұр.
Түшкiрсе! –
Мұрнынан сорғалап
Құрт түсiп тұр.
Болған екен.
Толған екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері