Халқыма қайта сыйлап мол мұрасын – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Халқыма қайта сыйлап мол мұрасын» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.04.2022
  • 0
  • 0
  • 784
Халқыма қайта сыйлап мол мұрасын,
Алатаудан сермеді өр кұлашын.
Жүзге келген Жамбыл — жыр атып тұрып,
Қолға алды күңірентіп домбырасын!
Қоңыр үн домбыраны шырқап алып,
Ішінен ала-дүлей бұрқап алып.
Ленинград қаласынан бір-ақ шықты
Жамбылдың найзағайдай тұлпары ағып!
Ленинградтық шабыт ап мың өрені,
Жауына қара бұлттай түнереді.
«Уралап» бара жатты Жеңіс болып,
Жүзге келген Жамбылдың ұлы Өлеңі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері