Анам алтын – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Анам алтын» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған ана туралы өлең берілген.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1473
Анам алтын,
Жаратқан асқақ екен.
Көзіме жас келеді жазсам өлең.
Мені тастап кеттің ғой бұл жалғанға,
Өзіңе тауып алып басқа мекен.
Келініңе риза боп қоштасарда.
Жақсыны жақсы білер достасарда.
Жәудіреген көзіңді аңсап жүрмін,
Мені құшып кетпедің қоштасарда.
Жүрегімді жылытқан жылу едің.
Жырласын деп жырымды туып едің.
Пейіштегі хор қызы өзің анам,
Дүние ай,
Неткен ғажап сұлу едің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері