Ән салып тұр Алматы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ән салып тұр Алматы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1724
Алматыма қарашы –
Ән мен күйдің қаласы.
Ән салады бүлдіршін
Қыздары мен баласы.
Ән салып тұр Алматы,
Қарсы алып тұр Алматы.
Әсем әншілеріне
Тамсанып тұр Алматы.
Сылдырайды бұлағы,
Сыбдырайды құрағы.
Терегі де теңселіп,
Әнге салып тұрады.
Құлақ түрші жайлап бір,
Алматымыз жайнап тұр.
Тамылжыта ән салып,
Бұлбұлы да сайрап тұр.
Ән салып тұр Алматы,
Қарсы алып тұр Алматы.
Әсем әншілеріне
Тамсанып тұр Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері