Өмірдің жолы бұралаң

Бұл бетте «Өмірдің жолы бұралаң» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4695
Өмірдің жолы бұралаң,
Алдыңда арман – ұлы алаң.
Сүрініп талай құлағам,
Тығылып талай жылағам –
Өмірдің жолы бұралаң.
Өмірдің жолы қияқты,
Арманың асқар сияқты.
Қайрап ап қайрат, қуатты,
Тайдырмай тіреп тұяқты,
Шықпасам шыңға ұят-ты,
Өмірдің жолы қияқты.
Өмірдің жолы тар-ұшаң,
Мақсатым биік танысаң.
Біреулерменен алысам,
Бірулерменен табысам,
Бәйгіге түсіп жарысам,
Өмірдің жолы тар-ұшаң.
Өмірдің жолы шырғалаң,
Шарқ ұрып тынбай тырбанам.
Шетсіз де шексіз бұл ғалам –
Ашылмай жатқан сыр маған,
Жазылмай жатқан жыр маған –
Өмірдің жолы шырғалаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірдің жолы бұралаң өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өмірдің жолы бұралаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірдің жолы бұралаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірдің жолы бұралаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері