Бұл өмір керек қылмас құлшылықты – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бұл өмір керек қылмас құлшылықты» атты Абдрахман Асылбек жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1143
Бұл өмір керек қылмас құлшылықты,
Сүйенген тіл-жағына жыршылықты.
Сол деп ұқ сөнбейтұғын тіршілікті –
Көгертіп қадап кетсең бір шыбықты.
Түбінде кім құтылған шын ажалдан?
Жалынды жүректерде тұнады арман.
Өзіңмен аяқталса мына жалған,
Атақ-даңқ кімге керек тына қалған?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері