Көктем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көктем» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1912
Япыр-ай,
Қандай көктем мына көктем?
Нұр болып бар табиғат тұна кеткен.
Бұлбұлдар мың құбылта күйге басып,
Ағады асыр салып бұлақ өктем.
Ақ гүлмен алма бағы күмістеніп,
Жұтасың жұпар исін тыныс кеңіп.
Кигені кең даламның пүліштеніп,
Жаңбыр да жауып жатыр ырыс төгіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері