Қиял туралы – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қиял туралы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3283
Қиял кеп кейде оралса аулақтағы,
Қиын ба ойдың отын лаулатпағы.
Жақсы арман кімнің жанын жылытпады,
Кімдерді төсегінде аунатпады.
Жақсы арман жағып қойған жарығындай,
Сезілмес басқан ауыр салмақ - тағы.
Турады не қаласаң алдыңа кеп
Секілді алтын балық қармақтағы.
Балыққа қызықпаймын аламын деп,
Аунатып алтын торға саламын деп.
Қорқамын бүгін емес, ертеңімнен
Армансыз қартайғанда қаламын деп.
Қиялдың шабыт берер өзі жақсы
Жылда егіп, жылда өсіріп алары көп.
Жылы түн, жайлы төсек алдама сен
Шалдың да себері бар, орары көп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері