Не етерсің?

Бұл бетте «Не етерсің?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1330
Мен көппін деп тасыма,
Жалғыз қалсаң, не етерсің?
Жан жуымай қасыңа,
Құсалықпен өтерсің.
Жалғызбын деп жасыма,
Жетілерсің, жетерсің.
Бақыт қонып басыңа,
Көпке ұласып кетерсің.
Бір жақсыға тұрмайтын
Көп болғанда, не етерсің?
Бір бүркіттен шулайтын
Көп құзғыннан бетерсің.
Отыз ұл боп тыңдайтын
Арыс болсаң, не етерсің?
Қас жауынан қыңбайтын
Арыстан боп өтерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не етерсің? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Не етерсің? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не етерсің? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не етерсің? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері