Не етерсің? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Не етерсің?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1391
Мен көппін деп тасыма,
Жалғыз қалсаң, не етерсің?
Жан жуымай қасыңа,
Құсалықпен өтерсің.
Жалғызбын деп жасыма,
Жетілерсің, жетерсің.
Бақыт қонып басыңа,
Көпке ұласып кетерсің.
Бір жақсыға тұрмайтын
Көп болғанда, не етерсің?
Бір бүркіттен шулайтын
Көп құзғыннан бетерсің.
Отыз ұл боп тыңдайтын
Арыс болсаң, не етерсің?
Қас жауынан қыңбайтын
Арыстан боп өтерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері