Жазылмай қалған өлеңдер – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жазылмай қалған өлеңдер» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақ таулар мені емдейді,
Білемін олар - кемеңгер.
Бірақ та тыным бермейді
Жазылмай қалған өлеңдер!
Жанарымда бір төзім жүр,
Жігерің аздау демеңдер.
О, мені бүгін мүжіп жүр
Жазылмай қалған өлеңдер.
Жапырақтың да бар мұңы,
Көңілім неге елеңдер.
Өткен күндердің барлығы -
Жазылмай қалған өлеңдер!
Мұңайдым таңның алдында,
Шуылдап жатыр емендер.
Мен кінәлімән алдыңда,
Жазылмай қалған өлеңдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері