Заман кімдікі?

Бұл бетте «Заман кімдікі?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2001
(С. Дөнентаевтың ізімен)

Мына заман – тамыр мен таныстікі,
Ауыс-түйіс, беріс пен алыстікі.
Ер еңбегі еш болмас дегендері –
Тек әшейін сөз екен қалыстікі.
Мына заман – ағайын, туғандікі,
Жамағат пен жекжаттық қуғандікі.
Тура биде туған жоқ дегендері –
Тек әшейін сөз екен қулардікі.
Мына заман – жағымпаз жылпостікі,
Көтермелеп көтерген бір тостікі.
Кем болмассың кең болсаң дегендері –
Тек әшейін сөз екен күндестікі.
Мына заман – ұры менен қарынікі,
Арқа сүйер адамы барынікі.
Тура жолдан таймайық дегендері –
Тек әшейін сөз екен бәрінікі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заман кімдікі? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Заман кімдікі? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заман кімдікі? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заман кімдікі? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері