Өлең, жыр, ақындар

Ағайындар

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4285
Атыңнан айналайын,
Аңсамас қайда ағайын?
Сағынып бара қалсаң,
Айран да, май да дайын.
Жайылып дастарқаны,
Алдыңа ас тартады.
Қайнайды қара қазан,
Шығып бір тас-талқаны.
Қымызға кілкіп керден,
Келіндер іркіп берген.
Сыйлы орын ұсынады,
Інілер үркіп төрден.
Жазылып қабағы бір,
Жүздерде жанады нұр.
Ән мен жыр ақтарылып,
Қағады дала дүбір.
Бура сан балтырлары,
Жігіттер нар тұлғалы.
Қызғалдақ қарындастар –
Ауылдың алтындары.
Ақ жейде, ақ шапандар –
Ақылшы ақсақалдар.
Айтылып аталы сөз,
Атады ақша таңдар.
Құмарың тарқасын ба?
Шертіп күй тартасың да.
Жатасың аунап-қунап
Ағайын алқасында.
Сояды марқасын да,
Қояды торқасын да.
Ел іші алтын бесік
Ағайын ортасында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір сүргің келе ме?

  • 0
  • 0

Жаралған соң адам боп,
Жүру керек аман боп,
Бірақ, ауырмайтын адам жоқ.
Тегің емделетін,

Толық

Сезіну

  • 0
  • 0

Кейбір сәт шулы топқа кезігемін,
Отырып ойсыздармен езілемін.
Санамды сауықтырар саңлау таппай,
Мен сонда жалғыздықты сезінемін.

Толық

Әркімнің есебі бар

  • 0
  • 0

Бұл күнде әркім ойлап бас пайдасын,
Тегіннен тегін, сірә, аспайды асын.
Бір ісі түсе қалса, күле тұрып,
Құшағын қуанышпен ашпайды, ә, шын.

Толық