Талантсыз топтарға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Талантсыз топтарға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1565
Бірін-бірі қолдағандар,
Бірін-бірі қорғағандар,
Абыройлы, ар-намысты
Адал жанды қорламаңдар.
Бірін-бірі тірегендер,
Бірін-бірі шірегендер,
Азаматтың абайсызда
Сүрінгенін тілемеңдер.
Бірін-бірі мақтағандар,
Бірін-бірі жақтағандар,
Таланттыға тас лақтырып,
Адамдықтан аттамаңдар.
Бірін-бірі Күн дегендер,
Бірін-бірі шың дегендер,
Таныр болсаң таланттыны,
Тілдемеңдер, күндемеңдер.
Талант жолын мүк баспайды,
Ғасырларға тік бастайды.
Ей, талантсыз бейшаралар,
Күңкілдерің түкке аспайды.
Мұқағали өлген емес,
Мәңгілікке өлмек емес.
Хан Тәңірді көк тіреген,
Бұлт шалып көрген емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талантсыз топтарға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Талантсыз топтарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талантсыз топтарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талантсыз топтарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері