Сен келдің де бағыма – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен келдің де бағыма» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1617
Сен келдің де бағыма,
Туған айдай жарқ еттің.
Жарқ еттің де, жаныма
Сарқылмайтын нәр септің.
Бал-бұл жанып дидарың,
Таң нұрымен таласты.
Қара көйлек қималы
Ақ тәніңе жарасты.
Тұрды төмен төгіліп,
Білектейін бұрымың.
Бұрымыңа көміліп
Бара жатты ғұмырым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері