Немереме өсиет – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Немереме өсиет» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4601
Алдыңда жар, бар үңгір,
Жұтар, мейлің темірсің.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңмен өмір сүр.
Еріп кетпе дүрмекке,
Тосар тағдыр небір сын.
Өзге тілді құрметте,
Өз тіліңмен өмір сүр.
Бақшаңдағы гүліңді,
Солдырма, бол төзімді.
Жоғалтсаң өз тіліңді,
Жоғалтқаның өзіңді.

Астана, 26.09.2009 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері