Қырманда – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қырманда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2443
Шабыт берген, дем берген,
Қырман басы көңілді.
Көргендеймін сол жерден
Аралап бар өңірді.
Сүйіктім бар, өйткені,
Сол қырманның басында.
Көңілдің жоқ көктемі,
Ол болмаса қасымда.
Алаңдайды артқа кім,
Алда тұрса арманы?
Арқамдағы қаптардың
Сезілмейді салмағы.
Шабыт алып, нәр алып,
Қимылдаймын бір талмай.
Қыз үнемі қадалып,
Маған қарап тұрғандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері