Ғашық болып өтейікші, өкінішсіз, жәй ғана – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ғашық болып өтейікші, өкінішсіз, жәй ғана» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 897
Ғашық болып өтейікші, өкінішсіз, жәй ғана,
От сезімге куә етейік жерді мынау, айды ана.
От сезіммен одан әрі күйерсің, көп ойнама,
Ұзап кетпе басқа жолға, басқа жолды ойлама!
Ғашық болып, тек өтейік, несіне іштей аһ ұрдың,
Өз басыма жетерліктей өзегімде жатыр мұң.
Жазып жатқан көз нұрымен түн көгіне жыр жолын,
Тек қана мен әйел емен, өзіңдей бір ақынмын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері