Он жыл бұрын көргенде

Бұл бетте «Он жыл бұрын көргенде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1078
Он жыл бұрын көргенде,
Ор киіктің лағы ең.
Пендең болып мен демде,
Құшағыңа құлап ем.
Жұпар шашқан гүлдей бір,
Хош иіспен қош алдық.
Әлі күнге білмеймін,
Болды менде босаңдық.
Құралайын ата алмай,
Қапы қалған аңшыдай,
Тәтті бір тіл қата алмай,
Тайып кеткен бар сыңай.
Жастық шақты жұлып ап,
Шыныдайын уатып,
Барады өтіп зымырап,
Мейірімсіз уақыт.
Құстай ұшып, қалқашым,
Келіп тұрмын қайтара.
Өкпең болса, тарқасын,
Құшағыңды аш айқара.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он жыл бұрын көргенде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Он жыл бұрын көргенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он жыл бұрын көргенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он жыл бұрын көргенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері