Қабақты қату түйіп тым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қабақты қату түйіп тым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1347
Қабақты қату түйіп тым,
Отырдың шетте тұйық тым.
Әлде бір жаннан опық жеп,
Таттың ба уын күйіктің?
Сырыңды іште сақтадың,
Ойыңды ешбір таппадым.
Сұраған едім атыңды,
Күлдің де қойдың, айтпадың.
Шешіліп бір тіл қатпадың,
Қайталап мен де батпадым.
Орала берді бір күдік:
«Қай мінезімнен жақпадым?»
Отырған болсаң жан арып,
Не ақым бар сонша қадалып?
Қолымнан келсе бір көмек,
Көрсетпек едім ағалық.
Қайтейін, қалқам, ұқпадың,
Қинады көңіл жыққаның.
Тоқталып қалды тасымай,
Толқындап келген мықты ағын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабақты қату түйіп тым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қабақты қату түйіп тым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабақты қату түйіп тым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабақты қату түйіп тым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері