Айнат қызыма – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айнат қызыма» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1633
Туған күн құтты болсын, Айнат қызым,
Туғаннан қажырлысың, айбаттысың.
Өмірдің қиындығын көп көрсең де,
Қайыспас қарағайдай қайраттысың.
Біреумен бақталасып жарыспадың,
Сыйлады қатар-құрбы, таныстарың.
Айрықша алға түсіп кетпесең де,
Мықтымын дегендерден қалыспадың.
Сыйлаған Жаратушы өткірлікті,
Басыңда білімің де жеткілікті.
Атқарып ерлікпенен ердің ісін,
Бойыңнан қуа білдің көп күдікті.
Аналық шапағатты аямадың,
Екі қыз – екі гүлді аяладың.
Екеуі аман болсын, адам болсын,
Түбінде олар сенің сая бағың.
Туған күн құты болсын, Айнат қызым,
Бойыңнан сарқылмасын қайрат-күшің.
Қызықты кең дүние құшағында
Көктемдей құлпыра бер жайнап жүзің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері