Мен ерке лақ едім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен ерке лақ едім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1451
Мен ерке лақ едім,
Анадан бір-ақ едім.
Еркетай мінезіммен
Бөбекке ұнап едім.
Мен мөлдір бұлақ едім,
Шатқалдан құлап едім.
Сырнайлы сырлы үніммен
Қыздарға ұнап едім.
Мен жасыл құрақ едім,
Жайқалып тұрар едім.
Жалынды жырларыммен
Жастарға ұнап едім.
Мен биік шынар едім,
Шыңдарға шығар едім.
Сапалы сөздеріммен
Қарттарға ұнап едім.
Мен жарық шырақ едім,
Өсектен жырақ едім.
Әрдайым әділдікпен
Әркімге ұнап едім.
Мен көпшіл ұлан едім,
Қажырлы қыран едім.
Көктейді көңілімде
Арманы ұлан елдің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері