Кейбір адам ретсіз семіреді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кейбір адам ретсіз семіреді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1371
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – өмірін кеміреді.
Көзін ашса, ас болып аңдығаны,
Күні-түні ұйқыға беріледі.
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – жүруге ерінеді.
Кимылдаса, кысылып қос өкпесі,
Қарға адым жер, қашық боп көрінеді.
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – тым ерте жеңіледі.
Келмей жатып қырыққа қартаң тартып,
Әжім ізі бетінде өріледі.
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – сергек ой шегінеді.
Шегінгені емес пе, талай арман
Көктей алмай көңілде көміледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері