Сәйгүлігім «Эсперо»

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 678
«Эсперо» — сәйгүлігім бүгіндері
Шапса да мың шақырым
мығым белі
Қартыңыз соған аяқ артқан сайын
Қарсы алмақ қарызым
деп ұғынды eлі.
Шапқан боз шабытымды тербеткенде
Желғабаз маңдайымнан
тер кепкен бе. —
Ол сәтте тәңірім өзі құптамайды
Miн тақса, мінезімді
тергеп пенде.
Ол сәтте жұрт түгел пәк демесем де,
Мен үшін дербес таза
дене сенде.
Жаның бар одан бетер маған жақын,
Сен де мәз секілдісің мен есенде.
Кім болсаң о бол, — жолай көріскенде,
Сәтімен сәлемге қол беріскенде.
Жалғыз-ақ жабырқамай
жан ұқтырсаң,
Өтелген ол теңеспек борышпен де.
Мінгізген елім сыйлап қазанатым,
Танытты талай жердің азаматын.
Қазағым, қайнар көзі шабытымның
Көп бepiп жөнің де жоқ аз алатын.
Көрмеген болып бip сәт салқын әнін,
Шалқымай мен қалайша
сарқыламын?! —
Дейтұғын қашан алсаң, барым — саған
Бабаның бас иемін салтына мың.
Бізге артқан жеңіл де емес
жүгі атаның,
Байланса жылдың бағын жылатамын.
Артынша өз шырынын өтейтұғын
Көңілдің көз жасымен жұбатамын.
Бақсыға дей алмастай қаратайын
Қайтейін,
тілім тіктеу қарапайым...
Сөйтсе де соның мeйіpiмi
Секілді сексен асқан кәpi апайым.
Аллаға шүкір, бар деп мақтанамын
Жақын мен желінбеген жатта наным.
Ескірмей, дем бітce де, ел есінде
Әр тұстан
дәл осылай аттанамын.
«Эсперо!»
Атшым Ерлан сені күткен
Келеді күн оздырып серілікпен.
Екеуің барда жүре тұрайыншы
Сендерше
серуен сайын семіріп мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәйгүлігім «Эсперо» өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Сәйгүлігім «Эсперо» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сәйгүлігім «Эсперо» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәйгүлігім «Эсперо» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері