Қазақ тағдырлас өсімдік

Бұл бетте «Қазақ тағдырлас өсімдік» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 772
Сәби болып биік шың мама бұлтты иітті.
Тауыса алмаған ақ сүтті балмұздақ қып жиыпты.
Биіктіктің белгісі жомарт келер қашан да,
Күн шуағын шыңға әкеп ағыл-тегіл шашар да.
Жылу келіп тым игі, балмұздақ-қар ериді,
«Керегі не дауласып, төркін-төрім – тау басы» -
деді-дағы тәп-тәтті құлдыраңдай жөнелді
ерке бұлақ тауды асып!
Бұрқырайды арындап, еркеге жоқ тосқауыл,
жөл-жөнекей сыңғырлап, алыпты көп дос тауып.
Алып тастың табанын, қытықтап, жол ашыпты,
Жайдақ-жайдақ жерлерде арынын бір басыпты.
Өрден төмен құлдилап, бағындырып қашықты,
Қақсып қалған бір сайға толас тапты ғашық қып.
Жағасына жасыл шөп жайғасыпты жайқала,
Жасанып тұр табиғат, дәтің барса, байқама.
Сүйсіндірсе сұлулық – құшағыңды аш, айқара!
Құлақтарын қайшылап, құрақ ұшып құрақ кеп,
Жағалауға жайғасты, құтты мекен-тұрақ деп.
Кенезесі кеберсіп, айдалада - атырап,
Бұлақтан нәр сіңіріп, жан шақырды топырақ,
Құтты іргені мекендеп, шалғын өсті бекем көп.
Ешкімге есе бермеген төзім менен сабырдан
Қанағатшыл қыр шөбі сенім артып тамырға
Өсіп шықты кеберсу шалғайырақ адырға.
Әрегірек жолдан тыс тұяқ тапай қоймаған
Қара төбе басына қына өсіпті тамырсыз.
Қасиетті шөп деседі, демесеңіз қатқылдау,
Кенеуі де ішінде, бояуы да бойында,
емес, тіпті, қадірсіз!
Таза жерді мекен ғып пайда болар ғайыптан,
Алаңдайтын тамыр жоқ топыраққа байланбай,
Төңірегі жақпаса, тайып тұрар «ойланбай»!
Тамыр-тамыр... дедік-ау, қыр шөбін айт, ерекше
Тікені бар сояудай, гүлі нәзік – керексе!
Мынау – жантақ тікен шөп, анау шағыр – ол да ащы!
Анасы ару атанған, айналайын ботаңнан,
Қасиетті таңдайлар жасық шөпті жаратпай,
Кермектеуін таңдапты!
Жаз жайқалып жайлаудың төсі көкке толатын,
Дән таратып алқапқа, күзде қурап, солатын
Кеңшілік кеп көктемде қайтадан бас алатын...
Жаз өмірі тағы бар!
Дегенменен, кейде осы, жөңкілген көп тұяқтан
Мықты шөптің өзі де түп тамырдан ажырап
Қиылатын сияқты, ә!
Тамырлыға айтқан сөз – түп-тамырың танып ал.
Тіршіліктің осындай жазылмаған заңы бар!
Тамыр қайда, сен қайда, жел бишікеш мұндайда,
Қаңғалақтап кеткен соң қайта туар күн қайда?
Қызыл кітап қайдасың, жаз, жантақты жазып ал,
О-уу, өсімдік танушы, жігеріңді бір жанып,
Түйір дәнін көктетіп, тамырын да танып ал!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ тағдырлас өсімдік өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Қазақ тағдырлас өсімдік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ тағдырлас өсімдік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ тағдырлас өсімдік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері