Ақша бұлты қазақтың – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ақша бұлты қазақтың» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 598
Әбу ақсақалға

Жаны толы дастанға
күйiн төккен азаттың, –
қалқып жүрген аспанда
ақша бұлты ең қазақтың.
Сарқып құйып жан күшiн
тебiренген ойланып,
кеткен едi болмысың
ақ бұлтқа айналып.
Аппақ едi жырларың,
аппақ едi тiлегiң,
аппақ едi сырларың,
аппақ едi жүрегiң!
Ашып жанның қақпасын
жақын еттiң жырақты.
Желбiрейтiн ақ шашың
ақша бұлт сияқты.
Ақ нұр сыйлап ғасырға
ақ жүрекпен күлетiн, –
адамдардың қасында
ақша бұлт боп жүретiн.
Жалғап ойын арманға
дегендей-ақ ұшамын, –
ашатұғын бар жанға
ақша бұлт боп құшағын.
Рухыңмен тос, аға,
бар ғой алда ғажап күн...
қош бол ендi, қош аға,–
ақша бұлты қазақтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша бұлты қазақтың өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ақша бұлты қазақтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша бұлты қазақтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақша бұлты қазақтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері