Бүгінгі психология

Бұл бетте «Бүгінгі психология» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1193
Олай деймін,
Бұлай деймін, –
Өзімді кіл алдаймын.
Апыр-ай! –
Мұнысы қалай?!
Кірген жерімнен
Шыға алмаймын.
Шыққан жеріме
Кіре алмаймын.
Қаным қарайып,
Жаным қайғырады.
Өртеніп жатсам,
Біреулер
Бір қолымен –
Шығарып алмақ боп –
Тартып тұрып,
Екінші қолымен
Май құяды.
Түсінбей дал боласың,
Не анда жоқ,
Не мұнда жоқ
Сансырап сандаласың.
Бүгінде
Артық болсам да,
Кеммін.
Жақсы болсам да,
Жаманмын.
Өйткені
Жезөкшелері бір-біріне
“Бұзылғансың“ деп,
Ұрылары бір-біріне
“Ұятсызсың“ дейтін
Аяр заман бұл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі психология өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгі психология өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгі психология өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгі психология өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері