Намыс – Болат Үсенбаев

Бұл бетте «Намыс» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5030
Намысыңды кірлетпе,
Дақ түспесін арыңа.
Үлгілі боп жүр көпке,
Жігеріңді жаны да.

Намыс оты бар ұрпақ
Арқалайды нар жүгін.
Жүре алмайды жабырқап,
Жүзі жарқын арлының.

Намыс қанда бұрқанса,
Орындалар нұрлы арман.
Қамал бұзған ұл қанша,
Тау қопарып, шыңды алған.

Намысы жоқ ынжыққа
Көлеңкесі үрейлі.
Мойынсұнып құлдыққа,
Иіні түсіп жүдейді.

Туын көтер жұртыңның,
Көзіңді тік алысқа.
Қыранға ұқсап сілкінгін,
Мәселе – ұлттық намыста!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері