Дауыл

Бұл бетте «Дауыл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1167
Далада дауыл ысқырып,
Қақты кеп зәулім қақпаны.
Шірене тартып, тықсырып,
Әкетті жұлып тақтаны.
Аптыға барып артынша
Айдынды шалқар шайқады.
Қажырлы қайсар қалпынша
Құзды да қозғап байқады.
Шіліктер шулап төменде,
Тасалап бойын жасырды.
Қайысып қайың, емен де,
Күрсіне құлап бас ұрды.
Тарқатып долы ашуын,
Аздан соң дауыл басылды.
Шұғылалы шашып шашуын,
Күн көзі қайта ашылды...
Дауылдай еді-ау бір шақта
Жалынды жаным менің де.
Көңілім шалқып бұл шақта,
Өмірдің тұрмын төрінде.
Жері жоқ барып соқпаған
Өтсе де дауыл жылдарым,
Ақылға келіп тоқтаған
Болсайшы дауыл жырларым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Дауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері