Өлең, жыр, ақындар

Асығамыз

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4209
Адам туса, көруге асығамыз,
Атқан таңмен гүл болып ашыламыз,
Шұғылалы шуақ боп шашыламыз,
Тау суындай тынымсыз тасынамыз,
Адам туса, көруге асығамыз.
Адам өссе, мақтауға асығамыз,
Дәрежесін дәріптеп, бас ұрамыз.
Жамандығын жабулап жасырамыз,
Жақсылығын арулап асырамыз,
Адам өссе, мақтауға асығамыз.
Адасса адам, даттауға асығамыз,
Ада қылып ақылды ашынамыз,
Қасиет пен қадірді қашырамыз,
Жақындамай қоямыз қасына біз,
Адасса адам, даттауға асығамыз.
Адам өлсе, көмуге асығамыз,
Келіп тұрып қабірдің басына біз,
Ол туралы ақтарып асыл аңыз,
Қара жерге ақ тәнін жасырамыз,
Адам өлсе, көмуге асығамыз.
Бұл тірлікте бәріне асығамыз,
Болашаққа бой созып, тасына біз,
Асуларға арман боп асыламыз,
Сөйтіп жүріп сөнбейтін басылады із.
Адам болып туған соң, асығамыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетім жыры

  • 0
  • 0

Қалтылдап қаз тұрғаннан тәй-тәй басып,
Талпындым алаға қарай байқай басып.
Қосылып көрші-қолаң балалармен,
Ойнақтап жүгіріп кеттім айқайласып.

Толық

Ерсейіттің етігі

  • 0
  • 0

Шаң жуытпай, қасиетпен, қастермен,
Хром етік киіп келген әскерден.
Сықырлайтын ары-бері жүргенде,
Ерекше етіп Ерсейітті басқа елден.

Толық

Қызғаныш деген көк төбет

  • 0
  • 0

Қызғаныш деген көк төбет
Ішіңе кіріп ұлиды, ә!?
Жүректі бөлсе төрт бөлек,
Көңілің, сірә, жыли ма?

Толық