Кешегілер жоқ бүгін – Аяжан Серікқызы

Бұл бетте «Кешегілер жоқ бүгін» атты Аяжан Серікқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кездестік біз сол бір кештің кезінде,
Арайланған әрбір талдың есінде.
Сен бір қойған әрбір
Сөз бен сұрақтар,жылы орап жүрегіме сақтаппын.
***
Өтті бәрі ,өткен күндер есінде,
Өкпелеме әр сәтіңе күніңе.
Тағдыр шығар дәл осылай қалаған,
Бақыт тілеп басқаменен дәл бізге.
***
Бәрі өтті,уақыт өтті бірталай,
Күндер өтті 1000 нан астам күн талай.
Алғыс айтып өткен күнге мен бүгін,
Күлімсіреп қараудамын өткенге.
***
Енді қарап болашаққа үмітпен,
Бастағанмын жаңа парақ ақ күнмен.
Сенім арттым болашаққа мен бүгін,
Бар секілді мен күткендей бір бақыт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері