Өмір жайлы – Аяжан Серікқызы

Бұл бетте «Өмір жайлы» атты Аяжан Серікқызы жазған өмір туралы өлең берілген.

Өмір қызық сәттерімен әр күнгі,
Алла берген тағдырымен әркімнің.
Кейбір жандар разы болса өмірге,
Ал біреуі разы емес әліде.
***
Өмір-тағдыр,өмір-күрес бітпеген,
Ешкім жетпес асқарына діттеген.
Әрбір жанның мақсаты мен арманы,
Орындала бермейтіні беймәлім.
***
Біреулерге болса өмір молшылық,
Ал біреуге өмір бойы құлшылық.
Кейбіреуге кезең болса өтпелі,
Ал біреуге көрінеді мәңгілік.
***
Қысқа ғана мынау жалған өмірде,
Өкпелеме,көңілденбе,күрсінбе.
Шүкір етіп әрбір атқан таңдарға,
Разы болшы мынау жаратқан Аллаға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері