Құдірет бар домбыра ішегінде

Бұл бетте «Құдірет бар домбыра ішегінде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3525
Құдірет бар домбыра ішегінде,
Қолыма алып қаққанмын мүшелімде.
Мен онымен қияға көтеріліп,
Мен онымен тереңге түсемін де.
Құдірет бар домбыра ішегінде,
Ішегімен өмірді пішемін де.
Мен онымен шақырып шабытымды,
Мен онымен бал қымыз ішемін де.
Құдірет бар домбыра ішегінде,
Ең сенімді серігің түс-өңіңде.
Қашып шығып түрмеден Құрманғазы,
Аша білген күйімен кісенін де.
Құдірет бар домбыра ішегінде,
Жібермейді ешқашан күші өлімге.
Абыл сынды күйшілер ажалынан
Күйі арқылы құтылғап кісі елінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдірет бар домбыра ішегінде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құдірет бар домбыра ішегінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдірет бар домбыра ішегінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдірет бар домбыра ішегінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері