Сұлулар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сұлулар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1951
О, сұлулар, сұлулар,
Жүздеріңде жылу бар.
Күлкілерің құдірет –
Көңілді тез бұру бар.
Айлы түнде аулақта
Тал түбінде тұру бар.
Ет жүрегің елжіреп,
Үнсіз ғана күлу бар.
Жыл мезгілі жеткенде,
Қызық дәурен құру бар.
Менде мұның бірі жоқ,
Іштен жанып, тыну бар.
Өзегімді өртеген
Жалғыз ғана сұлу бар.
Бәріңнен де ол сымбатты,
О, сұлулар, сұлулар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлулар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сұлулар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлулар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлулар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері