Мен кеттім ескі алаңға
Бұл бетте «Мен кеттім ескі алаңға» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен кеттім ескі алаңға,
Ескі алаңда ескірген ресторан бар.
Сүйіктімді оралмас еске алам да,
Сыралатып қайтамын кеш таманда.
Еске алам да оралмас сүйіктімді,
Сүйіктімсіз өткен сан күйік күнді.
Сағынышты басатын, у да болсын,
Салқын, сары аламын құйып мұңды.
Кім біледі, қалармын сауығып бір,
Одан басқа ой болмай тәуір ұтқыр.
Жаным – жара сәл болсын сағыныштан
Арылсыншы, әйтпесе ауырып тұр.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі