Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1581
Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз –
Көп жыл бойы қосылмады арамыз.
Жүрегімде алаулады жыр болып,
Желке шашы желбіреген бала қыз.
Шың басында шайқатылды шынарым,
Шынарыма арта берді құмарым.
Бара жатты жан дүнием жалын боп,
Білмедім тек арты немен тынарын.
Кербез сұлу көзді тартып қияннан,
Күмбірледі кеудемде бір күй-арман.
Қыз алдында жасадым да жасықтық,
Аса алмадым құрғақ үміт, қиялдан.
Кеттім содан арманымнан алыстап,
Қала берді қолын бұлғап таныс бақ.
Тірліктің бір сөгілген соң тігісі,
Қиын екен махаббатпен табыспақ.
Бұл тағдырдың «тәттілігін» қараңыз –
Енді бүгін алшақ емес арамыз.
Балаларды бақшасына кей күні
Бара жатып жолығысып қаламыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері