Өлең, жыр, ақындар

Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1545
Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз –
Көп жыл бойы қосылмады арамыз.
Жүрегімде алаулады жыр болып,
Желке шашы желбіреген бала қыз.
Шың басында шайқатылды шынарым,
Шынарыма арта берді құмарым.
Бара жатты жан дүнием жалын боп,
Білмедім тек арты немен тынарын.
Кербез сұлу көзді тартып қияннан,
Күмбірледі кеудемде бір күй-арман.
Қыз алдында жасадым да жасықтық,
Аса алмадым құрғақ үміт, қиялдан.
Кеттім содан арманымнан алыстап,
Қала берді қолын бұлғап таныс бақ.
Тірліктің бір сөгілген соң тігісі,
Қиын екен махаббатпен табыспақ.
Бұл тағдырдың «тәттілігін» қараңыз –
Енді бүгін алшақ емес арамыз.
Балаларды бақшасына кей күні
Бара жатып жолығысып қаламыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіл жүрсең, жеңілтек дос табарсың

  • 1
  • 0

Жеңіл жүрсең, жеңілтек дос табарсың,
Көбелектей жел қуған қостанарсың.
Ажарың мен базарың тарқаған соң,
Керексіз боп ешкімге бос қаларсың.

Толық

Маған деген мейірім ықыластан

  • 0
  • 0

Маған деген мейірім ықыластан
Төңкеріліп төніп тұр бүкіл аспан.
Сергек сезім селт етіп оянады,
Суретіңнен селдір көк сілті басқан.

Толық

Ақын Күләш

  • 0
  • 0

Айналып өте алмайтын бұбұл әсті,
Желегін желбіретіп бір гүл ашты.
Айнала күлімдеген күнге ұласты,
Айнала тамылжыған үнге ұласты,

Толық

Басқа да жазбалар