Ақын ініге – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Ақын ініге» атты Мұқағали Мақатаев жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 3
  • 22342
Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған,
Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған...
Күлесің-ау,
Күлесің... Сайтан-бала,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Ұмтыла бер ұрынбай құзат-жарға.
Мен сүрінгеи сөреден ұзап бар да,
Уат, мейлің, жанымды сызат шалғай,
Бірақ менің жырыма тұзақ салма!
Жырым менің - жалғызым, жан дауысым.
Жан дауысым!
Жоқтаған ар-намысын.
Ар-намысы тапталып қалмау үшін,
Арпалысып, әлсіреп қалғаны шын...
Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған!
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Қарапайым жырымның дәнін ал да,
Қауызын,
Сайтан-бала,
Қайтар маған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

жайнар

маган оте унады

АҚНҰР

Қандай тамаша,керемет,super өлеңдер????????

Осы автордың басқа өлеңдері